Төтенше жағдай: Базарлар мен азық-түлік маркеттері жабылмайды

2776

Сауда және интеграция министрлігі елімізде жарияланған Төтенше жағдай режиміне қатысты түсініктеме берді.

Төтенше жағдай: Базарлар мен азық-түлік маркеттері жабылмайды Фото: astana.gov.kz

16 наурыз-15 сәуір аралығында жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде ірі сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылса да, базарлар мен азық-түлік маркеттері жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

"Респбуликада жарияланған төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастырады. Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда нысандарының қызметі шектеледі, халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады",– деп жазылған ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу