Төтенше жағдай IT саласын да тығырыққа тіреді

944

 IT саласының өкілдері көмекке мұқтаж екендіктерін мәлімдеп, мемлекеттен қолдау сұрауда.

Төтенше жағдай IT саласын да тығырыққа тіреді

Төтенше жағдай IT саласын да тығырыққа тіреді. Жаңа технологиялардың көмегімен қызмет көрсетіп келген кәсіпкерлердің 44 пайызы карантинге байланысты жұмысын тоқтатқан. Салдарынан 13 млрд теңгеге жуық табыс жоғалтты, деп хабарлайды Atameken Business. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауалнама жүргізіп, сала өкілдерінің 52 пайызы қаржылық қиындықтарға тап болғанын анықтады. Онлайн бизнес табысының ауқымды бөлігі жұмыскерлердің жалақыларын төлеуге жұмсалады. Сол себепті көбі уақытша штат санын 75 пайызға дейін қысқартқан. Әзірге, тек тамақ жеткізумен айналысатын компаниялардың қызметіне ғана сұраныс 20 пайызға артып отыр. Дегенмен, жұмыс көлемінің өсуіне байланысты олардың да ақталмайтын шығындары көбейген. Сол себепті IT саласының өкілдері көмекке мұқтаж екендіктерін мәлімдеп, мемлекеттен қолдау сұрауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу