Төтенше жағдай: Караоке-бардың иесі 15 тәулікке қамалды

956

ШҚО-да коронавируске қарсы төтенше жағдай режимі 10 күннің ішінде 10 рет бұзылған.

Төтенше жағдай: Караоке-бардың иесі 15 тәулікке қамалды Фото: Максим Морозов

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы коронавирус бойынша жарияланған төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлердің қандай жаза арқалағанын мәлім етті. 

"Қолданыстағы заңнама бұзылушылықтарын дер кезінде анықтап, жолын кесу үшін құрамында прокурорлар, полиция мен мемлекеттік кіріс департаменттерінің қызметкерлері бар мобильді топтар құрылған болатын. Төтенше жағдай талаптарын сақтау жөніндегі нұсқауларға қарамастан, облыстың жекелеген азаматтары мен кәсіпкерлері тыйымдар мен шектеулерді елемеуде. Салынған тыйымға қарамастан, Өскемен және Семей қалаларында, сондай-ақ Глубокое ауданында адамдар көп жиналатын салтанатты және басқа да іс-шаралар өткізіліп, интернет-клубтар жұмыс істеген. Қазіргі уақытта облыс бойынша осындай 10 оқиға тіркелген", – деп жазады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Атап айтсақ,  Өскемен қаласында компьютерлік клубтың жұмыс істегені анықталған. Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен компьютерлік клуб иесі 26 510 теңге көлемінде айыппұл арқалады. Сондй-ақ Өскемендегі караоке-барлардың бірі жұмыс түнгі сағат 22.00-ден кейін істеген. Сот қаулысымен мекеменің иесі 15 тәулікке қамауға алынды.

"Осыған орай, облыс прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді құқықтық тәртіпті сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын және белгіленген тыйымдар мен шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады", – деп жазады прокуратураның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу