Төтенше жағдай: Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның мәжілісін өткізеді

672

Мәжіліс депутаты Владимир Божко отырыстың бүгін сағат 11.00-де өтетінін айтты.

Төтенше жағдай: Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның мәжілісін өткізеді

Мұндай ақпаратты "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі Мәжіліс депутаты Владимир Божкоға сілтеме жасап хабарлады.

"Комиссия отырысы сағат 11.00-де Президенттің төрағалық етуімен өтеді. Елордадағы жұмыссыз аптаны созу мен елдегі карантиндік шеутеулерге қатысты шешім Денсаулық сақтау министрлігінен, әкімдіктерден түскен ұсыныстарға орай шығарылады", – дейді депутат. 

Бұған дейін аталмыш комиссия жиындары Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалық етуімен өтіп келген болатын. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу