Төтенше жағдай: кедендік және салықтық кеңес беретін орталық ашылды

964

Шектеулер кезінде қалаға сабылудың қажеті жоқ.

 Төтенше жағдай: кедендік және салықтық кеңес беретін орталық ашылды

Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың төтенше жағдай кезінде аумақтық органдарға жүгінуін азайтып, жеңілдету үшін салық, кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алатын байланыс орталықтары құрылғанын хабарлады.

"МКК төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында "Біз туралы"/"Халықпен жұмыс"/"Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары"  жолы бойынша, сондай-ақ  http://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға кеңес береді",  деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Байланыс орталығының орталығының телефондары мынадай:
Шұғыл желі – 1414;

WhatsApp:  +7 778 210 98 68
+7 776 136 41 32
+7 705 559 12 33
+7 705 559 12 39 

Электрондық пошта: Contact-center-kgd@mail.ru 
Telegram: https:  https://t.me/KGDMFRK1414

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу