Төтенше жағдай кезеңінің екінші айына қанша жәрдем төленеді?

1046

Біржан Нұрымбетов табысынан айырылған адамдарға сәуір айының қалған күндері үшін неше теңге төленетінін айтты.

Төтенше жағдай кезеңінің екінші айына қанша жәрдем төленеді?

"42 500 теңгенің өзіне тоқталайық. Кейбіреулер сұрап жатыр. "Төтенше жағдай созылуына байланысты екінші айға БЖТ төлейміз бе, тағы да өтініш жазу керек пе" деп жатыр. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалса, екінші рет өтініш берудің қажет жоқ. Сіз тіркелдіңіз, біз сізге төлем аудардық, сізді білеміз деген сөз. Төтенше жағдай созылса, келесі айда сізге айтпай-ақ өзіміз аударамыз. Төтенше жағдай мамырға дейін созылуына байланысты сұрақтар болып жатыр. Бірінші ай 16 наурыздан 15 сәуірге жарияланды. Ол айға 42 500 теңге төленді. Енді жарты айға соның жартысын төлейсіздер ме деп сұрайды. Жоқ. Бұл төлем – ерекше төлем. Төлемді бір күнге немесе жарты айға бөлмейміз. Толығымен  42 500 теңге төленеді. Ол күніне саналмайды. Мысалы, төтенше жағдай кезеңін 5 күнге созғанның өзінде 42 500 теңге толық төлейтін едік", – деді министр онлайн-брифинг барысында.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу