Төтенше жағдай кезінде 431 мың жаңа жұмыс орны ашылады

1048

Ералы Тоғжанов мекеме басшыларын әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын алуға шақырды. 

Төтенше жағдай кезінде 431 мың жаңа жұмыс орны ашылады

"Жұмыспен қамтудың жол картасына" бөлінген 300 млрд теңге төтенше жағдай кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсалады. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте осындай мәлімет айтты.

Қазіргі таңда бүгінгі жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті алдымызда тұр. Осыған орай Үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып, жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді. Осыған орай, жеке мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастықтарын жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңіздіктердің алдын алуға бүкіл елді, азаматтардың бәрін шақырамыз", - деді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу