Төтенше жағдай кезінде әуе компаниялары қанша адамды елге жеткізді?

930

Әуе қатынасы қайта қалпына келді. 

Төтенше жағдай кезінде әуе компаниялары қанша адамды елге жеткізді?

2022 жылдың 5 қаңтары мен 18 қаңтары аралығында әуе компаниялары шет елдерден 34 198 Қазақстан азаматын алып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

"Air Astana" – 17 990 адамды, "Scat" – 6 825, Qazaq Air – 715, шетелдік компаниялар 8 668 адамды елге жеткізді.

Елімізде 19 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де 5 қаңтарда енгізілген төтенше жағдайдың мерзімі аяқталды.

Республикада төтенше жағдай сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы Жаңаөзенде басталған шерулер бүкіл ел бойынша жаппай наразылық акцияларына айналған соң енгізілді.  

Бұл жағдайдың арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне, дүкендерге шабуыл жасалды. Ең көп зардап шеккен Алматы қаласы. Мұнда бизнеске 100 млрд теңге төңірегінде шығын келтірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу