Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашу рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті.
Жамбыл облысы Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.