Төтенше жағдай кезінде iKomek-ке 365 мың өтінім түскен

667

Оның 230 мыңы Covid-19 індетіне қатысты. 

Төтенше жағдай кезінде iKomek-ке 365 мың өтінім түскен

ТЖ кезінде тұрғындардан түсетін өтініш-шағымның саны шарықтау шегіне жетіп, тәулігіне 30 мыңға дейін жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Төтенше жағдай басталған 16 наурыздан бастап iKOMEK109 байланыс орталығы шамамен 365 мың өтініш қабылдады. Оның 230 мыңы Covid-19 індетіне қатысты. Барлық өтініштерге тиісті жауап берілді", – деді iKOMEK109 орталығында.  

Орталықта жиі қойылатын сұрақтарға жауаптардың пулы қалыптастырылды.

"Қала тұрғындарымен кері байланыстың тиімділігін арттыру үшін ТЖ мен карантин режимі кезінде  iKOMEK-те операторлардың саны екі есеге көбейді (30-дан 62-ге дейін). Қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан жұмыс істеп, тұрғындарға қызметті үйлерінде отырып көрсетті. Сондай-ақ орталық егде жастағы тұрғындар үшін дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарын онлайн жеткізу бойынша өтінім қабылдады. ТЖ кезінде өтініш-шағымдардың саны үш есе көбейіп, тәулігіне 30 мыңға дейін жетті. iKomek109 қызметі ашылған 2018 жылдан бері қала тұрғындарынан 4 млн өтінімді қабылдады", – деді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дүбірова.

Еске салайық, елде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штабтың жедел желісі ретінде белгіленді. Елорда әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы – барлық коммуналдық кәсіпорындардың колл-орталықтарын біріктіретін, қала тұрғындарымен байланыс орнатудың жалғыз тетігі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу