Төтенше жағдай кезінде кімдер ерекше бақылауға алынады?

1033

Қоғамдық көлік жолаушыларының ағыны 30%-ға азайды.  

Төтенше жағдай кезінде кімдер ерекше бақылауға алынады?

Короновирус инфекциясына қатысты медициналық тексеруден өтуден, емделуден бас тартқан, карантин режимін сақтауға атүсті қараған және эпидемиологиялық жағдайды анықтау барысында мәліметтерді жасырып қалған азаматтар ерекше бақылауға алынып, жауапкершілікке тартылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.

Оның сөзінше, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік бақылау күшейеді. Санитариялық, дизенфекциялық шараларға ерекше назар аударылады.

Алтай Көлгіновтің мәлімдеуінше, Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік жолаушыларының ағыны 30%-ға азайған.

"Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты күнделікті жолаушылар ағыны орташа есеппен алғанда соңғы 2 күнде 30%-ға төмендеді. Автобус парктерінде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде автобустардың салонын соңғы аялдамада және бағдардың жүру уақытының соңында зарарсыздандыру, жүргізушілердің дене қызуын өлшеу және медициналық тексеру кезінде күнделікті нұсқаулықтан өткізу бар. Автобус жүргізушілері маскамен қамтамасыз етілді", – деді қала әкімі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу