Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне – шығуына шектеу енгізілетін болады.
ҚР СІМ қандай жағдайларда шекарадан өтуге болатындығын хабарлады.
- бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
- еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
- поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;
- шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар);
- Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).
Сондай-ақ азаматтардың шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларын қоспағанда, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу