Төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға өтемақы берілетін болды

156

Бүгін тиісті заң қабылданды.

Төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға өтемақы берілетін болды Фото: ҚР ТЖМ

Азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен олардың отбасыларына тұрғын үй төлемдері, көтерме төлемдер, жеке мүлікті көшіруге кеткен шығындарды өтеу мүмкіндіктері де қарастырылып отыр.

Бұл туралы сенатор Сергей Ершов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Бүгін Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.

"Қазақстанда кәсіби апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді бұл қызметтердің меншігінде арнайы техника, құрал-жабдықтар болуы тиіс. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби апаттық-құтқару қызметтерін аттестаттаудың жаңа тәртібі енгізіледі", – деді депутат.

Ол азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған түзетулермен де таныстырды.

Қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үй төлемдері, көтерме төлемдер, жеке мүлікті көшіруге кеткен шығындарды өтеу қарастырылған.

"Сонымен қатар, әскери немесе төтенше жағдайлар кезінде, антитеррористік операциялар жүргізу барысында немесе төтенше жағдай жарияланған аймақтарда апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген қызметкерлерге үш еселенген мөлшерінде ақшалай көмекпен қамтамасыз ету көзделген. Ерікті өрт сөндірушілерге де артықшылықтар қарастырылған. Мысалы, өмірден өткен жағдайда, мүгедек болып қалғанда, ауыр жарақат алып, контузияға ұшырағанда, еңбекке жарамсыздыққа әкеп соққан аурулар кезінде ең төменгі жалақы мөлшерімен бірдей төлемдер қарастырылған", – деп атап өтті сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу