Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды

1325

Алайда өндірістік нысандардағы оқыс оқиғалар мен жазатайым жағдайлар тергеп-тексеріледі. 

Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай  режимі кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай  режимі кезінде қауіпті  өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", – деп хабарлады ведомстаоның баспасөз қызметі.

Алайда өндірістік нысандардағы оқыс оқиғаны, апат салдарынан болған жазатайым жағдайларды тергеп-тексерулерге бұл шара қатысты емес. Жыл басынан бергі кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындарда 369 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 6604 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 100 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, биылғы жылы 23 наурызда өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында Мемлекет басшысы бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысым жасауға жол бермей, құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аудара отырып, жұмыс әдістерін қайта қарауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу