Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер өз бөлімдеріне оралады

807

Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды.  

Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер өз бөлімдеріне оралады

Осыған байланысты Қазақстан Қарулы күштерінің блокпосттарды күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өзінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігінің, әскерилер де әскери-көлік авиациясының күшімен, сондай-ақ өз техникаларымен пункттеріне жеткізіледі.

"Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері міндеттерін бұрын бекітілген мерзімге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сәйкес орындауды жалғастырады", делінген хабарламада.

Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вируспен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеп, блокбекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу