Төтенше жағдай: Көлік бағыттарының онлайн картасы әзірленді

760

SMET.kz ашық палтформасы арқылы қай бағытқа көлік қатынайтынын білуге болады.  

Төтенше жағдай: Көлік бағыттарының онлайн картасы әзірленді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев төтенше жағдай кезінде көлік компаниялар қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады.

"Қазақстан бойынша көліктің қандай түрлері қызмет көрсетіп жатқанын тұрғындар біліп отыруы үшін біз "Қазақтелекоммен" бірлесіп қолжетімді көлік бағыттарының онлайн-картасын әзірледік. Ал кәсіпкерлер үшін SMET.kz ашық сандық палтформада орналасқан. Әрбір қазақстандық осы платформа арқылы біздің көлік компаниялардың қалай жұмыс істеп жатқанын тікелей қарай алады",  – деген  ведомство басшысы әуе рейстеріне қатысты толыққанды мәлімет берді.

"Мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде бүгінгі күні халықаралық бағыттар бойынша 97 бағыт бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық ұшулардың 98%-ы қысқартылды және барлық тұрақты ішкі сапарлар бойынша 45 бағыт бойынша аптасы сайын іске асатын 540 рейс жабылды. Бірақ жүк таситын әуе рейстеріне шектеулер қойылған жоқ. Бізге чертерлер бойынша көп сауал түсіп жатыр. Келген халықаралық чартерлік рейстерді бақылау күшейтілді. Атап айтқанда шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанға жіберілген халықаралық жолаушылар чартерлік рейсін орындау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне одан әрі Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыну үшін жолаушылардың саны мен азаматтығы туралы ақпарат береді. Ағымдағы жылдың 1 мен 13-ші сәуірі аралығында Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында халықаралық тұрақты жолаушылар және эвакуациялық рейстердің ұшуы тоқтатылды", – деді ол.

Есжан Ботқара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу