Төтенше жағдай министрі 8 жасар Дінмұхаммедті ерлігі үшін марапаттады

608

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырау облысында балаларды судан құтқарған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбайды "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Төтенше жағдай министрі 8 жасар Дінмұхаммедті ерлігі үшін марапаттады Фото: gov.kz

"Министр Дінмұхаммедке батыл іс-әрекеті үшін, ал оның ата-анасына көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдірді", - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомстволық награданы кішкентай батырға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабай табыс етті.

Еске салайық, оқиға 3 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында болды. Дінмұхаммед жексенбі күні түстен кейін 14 және 9 жастағы достарымен мұз үстінде ойнап жүрген. Кенет әлсіз мұз жарылып, екі досы су астына кетеді. Шетте тұрған Дінмұхаммед өз өмірін қатерге тіге отырып, ойланбастан көмекке ұмтылды. Солай достарының бірін судан алып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу