Төтенше жағдай министрі Ақмола облысындағы гидротехникалық нысандарды тексерді

359

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірлесіп, Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласының су тасқыны қаупі бар учаскелерін, өзендер бассейндері мен гидротехникалық құрылыстарын аэровизуалды тексерді.  

Төтенше жағдай министрі Ақмола облысындағы гидротехникалық нысандарды тексерді Фото: gov.kz

Шара су жинау алаңдары аумағында қар қорының бар-жоғын, еріген су ағынының пайда болуы, егістіктерден еріген сулардың келуіне байланысты елді мекендерге төну қаупі, Есіл мен Нұра өзендеріндегі арналар мен мұз жамылғысының жай-күйін зерттеу мақсатында жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Астана су қоймасы және Безымянная бөгеті арналарында қар қорын бағалау және су қоймасынан қауіпсіз су жіберуді реттеу және қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдау үшін тексеру жүргізілді.

Облыс әкімі су тасқыны ең жауапты кезеңдердің бірі екенін атап өтті.

"Біздің бірлескен міндетіміз - адамдарды қорғау және шығынды азайту, соның ішінде алдын алу шаралары. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды жағдайдың өзгеруі бойынша жедел хабардар ету қажет. Тұрғындар өз мүлкін қорғау бойынша алдын ала шаралар қабылдауы, аула аумақтары мен су бұратын арықтарды тазартуы маңызды", - деді М.Ахметжанов.

Жалпы, облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты.

Су тасқынына қарсы алдын алу шаралары орындалуда. Елді мекендерден 2 млн.м3 қар шығарылды. Отын, инертті материалдар мен каптар дайындалды. Автомобиль және темір жол бойында орналасқан 2500-ге жуық су өткізу құрылыстары мен 490 көпір тазартылды. Жалпы сыйымдылығы 12 мың адамнан асатын 268 эвакуация пункті дайындалды. Өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары аяқталды. Облыс өзендеріндегі мұз кептелістерін жою бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, су тасқынына қарсы облыстық жедел штаб іске кірісті, облыстың жергілікті атқарушы органдарының барлық деңгейлерінде су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу