Төтенше жағдай министрі Алматыдағы лай көшкініне байланысты пікір білдірді

1240

Ведомствоның дерегінше, лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ. 

Төтенше жағдай министрі Алматыдағы лай көшкініне байланысты пікір білдірді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы лай көшкініне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Лай көшкіні болған Тау-Самалы шағын ауданында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?" деп сұрады.

"Әкімдік тарапынан авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ. Біз құбырдың жарылуы сияқты алдын-ала факторларды зерттедік. Мамандар бұл нұсқаларды пысықтады. Комиссия оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмысты аяқталғаннан кейін өз қорытындыларын береді. Мұның (ред. – лай көшкіні) бәрі құбырдың бұзылуына байланысты болды деп ойлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаның алдын ала себебін айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу