Төтенше жағдай министрлігі ашық отты қолданбауға кеңес береді

417

Төтенше жағдай министрлігі автокөліктерді жылыту үшін ашық отты қолданбауға кеңес береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Төтенше жағдай министрлігі ашық отты қолданбауға кеңес береді Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Аязды күндері көліктердің өртену оқиғалары мұздатылған көліктерді ашық отпен жылыту салдарынан көбейеді. Бұл ретте ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады", -  делінген министрлік сайтында.
 


Ведомство автокөлікте өрт шығуы мүмкін көптеген жанғыш материалдар бар, олар от үшін қолайлы жағдайларда тез тұтануы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін алға тартты. 
 

"Жыл басынан бері елімізде автокөліктерде 164 өрт оқиғасы тіркелді. 
 
Автокөліктердегі өрттердің негізгі себептері - электр және отын жүйелерінің ақаулықтары. Уақыт өте келе сымдардың оқшаулауы жарылуы мүмкін және жанармай мен майдың ағуы өрт қаупін арттырады.
 
Сондай-ақ, ақаулықтары бар механизмдердіұзақ уақыт бойыпайдаланужәнеәртүрлі қосымша электр жабдықтарды қосу, бөлшектердіңқызып кету, содан кейін электр жүйесіндегі қысқа тұйықталуына әкеледі.
 
Сондықтан автокөліктер уақтылы техникалық жөндеуден өту қажет. 
 
Көлігіңізде әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіш болуы керек" - дейді министрлік. 


Сонымен қатар, ведомство мұздатылған бөліктерді қыздыру үшін ашық отты қолданбауға кеңес береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу