Жоғалған тікұшақ ішіндегілерді іздеу үшін Сорбұлақтың жартысы тексерілген

269

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді.  

Жоғалған тікұшақ ішіндегілерді іздеу үшін Сорбұлақтың жартысы тексерілген Фото: gov.kz

Оның айтуынша, құтқарушылар әлі Сорбұлақ су қоймасы аумағының жартысына жуығын тексеруі керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сорбұлақ аумағының шамамен 50 пайызын тексердік. Барлық іздеу жұмысы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жүргізіліп жатыр. Біз өз күшіміз бен ресурстарымызды ұсындық. Іздеу жұмыстары таңнан күн батқанға дейін жалғасып жатыр. Сорбұлақтағы судың тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Түбі батпақ. Тіпті бір метр тереңдікте ештеңе көрінбейді", – деп түсіндірді ТЖМ өкілі.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды. Содан бері тәулік бойы іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу