Төтенше жағдай министрлігінің міндет ауқымы кеңейеді

485

Үкімет қаулысының жобасы “Ашық НҚА” порталында жария талқылауға ұсынылды.  

Төтенше жағдай министрлігінің міндет ауқымы кеңейеді Фото: azattyq-ruhy.kz

“ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері” туралы Үкіметтің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізілмек.

Оған сәйкес ведомствоға қосымша функциялар берілетін болады:

  • трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру, қайта орналастыру және жою бойынша орындарды айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа (оның ішінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне) шұғыл психологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің Апаттар медицинасы жасағының жұмысы үшін денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерін тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің символының сипаттамасын әзірлейді және бекітеді.

Құжатты қоғамдық талқылау 25 сәуірге дейін деп көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу