Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескерту жасап, 6 қаңтарда таулы жерлерге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері "Қазгидрометтің" 6 қаңтарда тұман түсуіне байланысты жасаған ескертпесін назарға ала отырып, хабарлама таратты.
"Тұрғындардан таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматыда 6 қаңтарға қараған түні және таңертең қалың тұман түсетінін ескерткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу