Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатын болды

3523

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. 

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатын болды

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін сақталады. Президент тиісті Жарлық шығаратынын мәлімдеді.

"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым",– деді Мемлекет басшысы.

Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады.

"Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ",– дейді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

"Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады", – деді мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу