Төтенше жағдай режимі аяқталды. Карантин жалғасады

1144

Президент карантиндік шектеулер біртіндеп алынатынын айтты.

Төтенше жағдай режимі аяқталды. Карантин жалғасады

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында төтенше жағдай режимінің аяқталғанын хабарлады. Бұл жаңалықты ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінен үзінді келтіру арқылы жеткізді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деді Мемлекет басшысы аталмыш жиында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу