Төтенше жағдай режимі форс-мажор деп мойындалсын – мемлекет басшысы

1037

Банкроттық процедуралар 1 қазанға дейін тоқтайтын болды.

Төтенше жағдай режимі форс-мажор деп мойындалсын – мемлекет басшысы

"Өкінішке қарай, бүкіл әлемдегідей, бізге де барлық кәсіпорындар мен жұмыс орындарын сақтап қалу, әр бизнестің тұрақтылығын сақтау қиын болып тұр. Сондықтан режим кезінде барынша зардап шеккен экономика секторы үшін төтенше жағдай енгізу форс-мажорлық жағдай болғанын нормативті түрде мойындау керек. Жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері сотқа жүгінген жағдайда төтенше жағдай режимін форс-мажорлық жағдай ретінде танылуы қажет. Осынау күрделі кезеңде жұмысын тоқтатпаған кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қолдап, жеке мүлік пен бәсекелестікті қорғаудың маңызы зор. Жауапсыз кредиторлардың тарапынан қысым күшеймес үшін, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкрот процестерін 1 қазанға дейін тоқтатуды тапсырамын" – деді Президент қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу