Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін созылады

4118

Бірақ шағын және орта бизнеске жеңілдіктер жасалады.

Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін созылады

Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін созылатын болды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның мүшесі мәжіліс депутаты Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан басылымы.

"Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін созылады. Ал шағын және орта бизнеске осы орайда бірқатар жеңілдік қарастырылады", – деді Божко.

Еске сала кетсек, жаңа коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін ТЖ режимі енгізілген болатын. Індетпен күрес мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Тоқаевтың №285 жарлығына сәйкес, мемлекеттік комиссия құрылған. Оның құрамына Президент әкімшілігі, Сенат, Мәжіліс және Үкімет мүшелері кіреді. Штабқа жетекшілік ету міндеті Премьер-министр Асқар Маминге жүктелген.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу