Төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан маңғыстаулық жауапқа тартылды

296

Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан маңғыстаулық жауапқа тартылды Фото: upl.uz

WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан Маңғыстау облысының тұрғынына 73 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

“А.-ның ұялы телефонынан WhatsApp қызметі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген сот хабарламасында. 

Қаулы күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу