Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифинг өтеді

237

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифинг өтеді Фото: akorda.kz

"Су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылған. Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифингтер жоспарланып отыр", - деді Мемлекеттік кеңесші. 

Сондай-ақ ол "24kz" телеарнасының эфирлік уақыты Республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылатынын жеткізді. 

"Бұдан бөлек, телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат беріледі", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу