Төтенше жағдай: жәрмеңкелер маршруты жасалып жатыр

802

Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарына тапсырысты қашықтықтан жеткізуге рұқсат берілді.

Төтенше жағдай: жәрмеңкелер маршруты жасалып жатыр Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдай кезінде стационарлық дүкендер сауда-саттықты кешеуілдетсе, өнідрушілерге өз өнімдерін халыққа тікелей сату рұқсат етілмек. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

"Еліміздің барлық өңірінде көшпелі сауда-саттықтың маршруты бекітіледі. Біз бағаны ұстаудың "қарымта кесте" атты нарықтық құралын қолдану аясын кеңейттік. Бұл тетік жеңілдетілген қаржыландыру арқылы бағаны тұрақты ұстау міндеттемелерін жүктеуді көздейді. Егер бұрын мұндай тетік Алматы Мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғана қолданылса, енді оны Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында қолданамыз. Тұрақтандыру қорында тауар тапшылығы сезілген жағдайда Мемлекеттік материалдық резерв комитеті тауар интервенциясын жасайды. Бірақ оған жеткізетінде тапшылық күтіп отырған жоқпыз.  Біз кәсіпкерлерді мейірім танытып, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарға тауарды төмен бағамен беруге шақырамыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дәл осындай кезеңде көрінуі тиіс. Ірі-сауда-ойын-сауық орталықтарына тапсырысты қашықтықтан жеткізуге рұқсат беріп отырмыз. Бұл аталмыш нысандарға жаңа мүмкіндік екенін айтқым келеді. Осындай кезде сіздердің қызметтеріңіздің сапасы айқындалып, халықтың сенімі қалыптасады", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу