Төтенше жағдай: Жүк тасымалына тыйым салынбайды

995

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге шыққысы келетін азаматтарға шектеу шараларын түсіністікпен қабылдауды ұсынды.

Төтенше жағдай: Жүк тасымалына тыйым салынбайды

"Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға және кіруге шектеу енгізіледі. Бірақ жоғарыда аталған шаралардың жүк тасымалына қатысы жоқ. Шекарадан өткізу пунктерінде және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет резервінен дәрі-дәрмек пен тест-жүйелерді, зертханалық құралдарды алуға қажет қаражат бөлінді. Ел ауруханаларында төсек орындары жеткілікті. Мемлекеттік органдар сантиарлық-алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру жоспарын дайындағанын айрықша атағым келеді", – деді Президент Қазақстан халқына жасаған телевизиялық Үндеуінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу