Төтенше жағдай: Жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар жалақы төлеуге міндетті

1718

Тоқтатылған жұмыстың айлығы 42500 теңгеден кем болмауы тиіс.  

Төтенше жағдай: Жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар жалақы төлеуге міндетті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төтенше жағдай кезінде жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпорындарда жалақыны қалай төленетінін айтты.

"Мекемелер мен ұйымдар төтенше жағдайға байланысты өздерінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған жағдайда Еңбек кодексінің 112 бабы қолданылады. Бұл жолы мәжбүрлі түрде жұмысты тоқтату режиміне көшуге міндетті болады. Бұл жерде жұмыс берушінің тарапынан жұмысшыларға кемінде біздің елімізде белгіленген ең төменгі жалақыдан төмен емес жалақы төленуі тиіс. Біздің елімізде ең төменгі жалақының көлемі – 42 500 теңге. Бірақ, егер еңбек шартында я болмаса ұжымдық шартта бұл төменгі жалақыдан жоғарғы жалақы қарастырылған болса, сондай жалақы төленеді. Бірақ ол түбінде ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болмауға тиіс", – деді ведомство басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу