"Төтенше жағдайды күтудің қажеті жоқ": Сенатор Жезқазғандағы апатты үйлер мәселесін шешуге шақырды

Аталған өңірдегі әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен, 34 тұрғын үй апатты жағдайда. Сенатор Советбек Медебаев депутаттық сауалында осы мәселені көтерді.  

"Төтенше жағдайды күтудің қажеті жоқ": Сенатор Жезқазғандағы апатты үйлер мәселесін шешуге шақырды Фото: Видеодан скриншот

"Жергілікті әкімдіктің қабылдап жатқан шаралары мәселені жедел шешуге мүмкіндік бермей отыр. Инвесторлар жаңадан құрылған өңірдің тұрғын үй құрылысына әлі де белсенді түрде қаражат салып жатқан жоқ. Мұндай тұрғын үй иелеріне өтемақы төленуі керек. Бірақ Заңға сәйкес ол төтенше жағдай орын алып, үйлер құлағаннан кейін ғана беріледі", – деді сенатор. 

Депутат апатты үйлердің иелеріне жекешелендіру құқығымен коммуналдық тұрғын үй беруді ұсынды. Әлбетте, егер бұл олардың жалғыз баспанасы болған жағдайда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу