Төтенше жағдайды жоюға 44 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

820

Былтыр ел көлеміндегі төтенше жағдай көрсеткіші 7% -ға азайды. Төтенше жағдай қызметкерлері 71 724 рет оқиға орнына барып, 13 985 адамды құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдайды жоюға 44 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

Министрдің сөзінше, төтенше жағдай аймағынан 19 066 адам эвакуацияланып, зардап шеккен 4 089 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді, 
Юрий Ильин төтенше жағдайдан болатын өлім көрсеткіші 24%-ға азайғанын айтты. 

"431 адам қайтыс болды. 1 250 адам зардап шекті. 5 млрд теңгенің материалдық залалы тіркелді. Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы елімізге айтарлықтай шығын келтірді. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 5 елдімекеніндегі 6 210 адам қиын жағдайға тап болды. Олардың барлығына дер кезінде материалдық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай тіркелген аймақта жаңа мектеп, аурухана, тұрғын үй салынып, инженерлік инфрақұрылым мен жол дұрысталды. Үкіметтің төтенше жағдайды жоюға арналған резервінен Түркістан облысына 16,8 млрд теңге бөлінді", – деді Юрий Ильин.

Оның сөзінше, соңғы 5 жылда төтенше жағдайды жоюға 44 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу