Төтенше жағдайдың салдарын жоюға емес, алдын алуға көңіл бөлу қажет – Асқар Шәкіров

524

Мемлекет су тасқынынан экономикалық шығын шегеді.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға емес, алдын алуға көңіл бөлу қажет – Асқар Шәкіров

Үкімет сағатында сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров биыл Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының су тасқынынан зардап шегуіне осыған дейін атқарылған жұмыстардан кеткен кемшіліктер себеп болғанын жариялады. 

"Жыл сайын су тасқыны кезеңінде біз дренаж жүйесі мен нөсерлік кәріздің қараусыз қалуымен, ал жекелеген жағдайларда олардың мүлдем болмауы жағдайымен бетпе-бет келеміз. Су тасқынының салдарынан көптеген елді мекендер зардап шегіп, адамдар баспанасыз, мүліксіз қалады, мемлекет экономикалық шығынға тап болады", – деді сенат төрағасының орынбасары.

Асқар Шәкіровтің айтуынша, гидрометеорологиялық қызметтің тиісінше қаржыландырылуы, гидротехникалық құрылысты талапқа сай жобалау, су басу қаупі бар жер телімдеріне құрылыс жүргізуге рұқсат бермеу сынды мәселелер үкімет пен жергілікті биліктің назарында болуға тиіс. 

"Төтенше жағдайдың салдарын жоюға емес, алдын алуға көңіл бөлу қажет. 
Мәселені талдап, кешенді жұмыс атқару керек", – деді сенат төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу