Төтенше жағдайға бөлінген 300 млрд теңге қалай үлестіріледі?

1021

"Қарапайым заттар экономикасына" 1 трлн теңге қаржы бөлінбек.

Төтенше жағдайға бөлінген 300 млрд теңге қалай үлестіріледі?

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімет берді. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жаңа жобасы ұсынылып отыр. Оған 300 млрд теңге бөлінбекші. Бұл қаражат өңірлерге жұмыспен қамту нарығын тұрақтандыруға бағытталады. Инфрақұрылымдық жобалар аясында жаппай жұмыспен қамтуды ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл – инфрақұрылым нысандары мен әлеуметтік нысандарды, мектептер мен ауруханаларды, жолдарды  күрделі, ағымдық жөндеулер. Яғни, әр елдімекендегі ең өзекті деген инфрақұрылымдық мәселені шешуге арналады", – деген Үкімет басшысының бірінші орынбасары "Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар" экономикасы бағдарламаларының аясында бизнесті несиелендіруге бағытталған қаражат көлемін арттыру жоспарланғанын айтты.

"Бүгінде "Қарапайым заттар экономикасына" 600 млрд теңге бөлінді. Оның аясында агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсіп саласында өңдеу жобалары қаржыландырылды. Қазір бұл қаржыландыру көлемін 1 трлн теңгеге көбейту ұсынылып отыр. Бұл бағдарламамен сауда мен қызмет көрсету саласын қоса алғанда  бүкіл ел экономикасын қамту жоспарланып отыр. Осы арқылы қарыз алушылар жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын жеңіл несие алып, өз жобаларын іске асыру үшін жаңа бизнес бастауға немесе бар бизнесті дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруға ие болады", – деді ол үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу