Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға ескерту жасады

151

Алматы тұрғындарына жақын күндері тауға серуендеуден бас тартуға кеңес берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға ескерту жасады Фото: inbusiness.kz

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті туристерге ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды ұсынды.

Ұсыныс 25 қыркүйекте ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескерту негізінде шығарылды.

26-27 қыркүйек аралығында Алматы аумағына іргелес таулы аудандарда жаңбыр, жауын-шашын болжамына байланысты беткейлерде ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу