"Қазгидрометтің болжамы бойынша қара аралас жауын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус, түстен кейін одан әрі төмендейді", – деп жазылған хабарламада.
Осы орайда Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілер мен көлік иелеріне арнайы ұсыныстар әзірледі.
"Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлікті басқару қиындайды. Ол жаяу жүргіншіні қағып кетуі мүмкін. Көшені белгіленген орындарда өту керек. Жолдан өткен кезде абай болыңыз, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға алаңдамаңыз). Әрқашан алдыңызға, аяқтың астына қараңыз, аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек, аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс. Қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге тайғақта тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Тротуар, көлік аялдамалары, дүкен кіре берісіндегі баспалдақ, үйдің кіреберісі – адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер", – деп жазылған хабарламада.
Сондай- ақ Алматы ТЖД көліктерді ағаштың, электр желісінің астына қоймауға шақырды.