Ақтөбе қаласында 54 жастағы Кенжебай Алдашев іздестіріліп жатыр. Ол 10 қараша күні шұңқырға түскенін, шығатын әлі жоқ екенін айтып, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрады, деп хабарлайды aktobenews.kz.
"10 қараша күні сағат 04:56-да төтенше жағдайлар департаментіне ұялы телефон арқылы К.Алдашев хабарласып, кенеттен құлап, шұңқырға түскенін, өз күшімен шыға алмайтынын айтты. Департамент оқиға орнын анықтау үшін "КарТел" ЖШС-не сұраныс жолдап, мобильді телефонның мекенжайын білді. Абонент Ақжар ауылы маңынан телефон шалды. Құтқару жұмыстарына 4 адам, 2 техника, 2 кинолог және бір квадрокоптер жіберілді. Іздеу жұмыстарына таңғы сағат 8:00-де еріктілер қосылды. Бірақ табылмады. 11 қараша күні К.Алдашев орналасқан жерді қайта тексеріп, Ақшат ауылы маңын көрсетті. Сол кезде құтқарушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топта — 6 құтқарушы, 1 техника мен 1 квадракоптер бар. Екінші топта — 7 құтқарушы, 2 кинолог, 1 техника. Олар Ақшат пе Ақжар ауылы маңын қараңғы түскенше қарап шықты", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін іздеу-құтқару қызметі жалғасып жатыр. Қазір іздеу жұмыстарына 10 адам, 2 кинолог, квадракоптер мен 2 техника бөлінді.