Төтенше жағдайлар министрі оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады

372

Ол өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілетініне тоқталды.

Төтенше жағдайлар министрі оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға тілегін білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, ТЖМ қашанда халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді. 

Ол өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілетініне тоқталды. 

"Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет", деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу