Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына барды

275

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов таңертең Қостанай облысына келді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына барды Фото: ҚР ТЖМ

Белгілі болғандай сапардың міндеті — су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру.

Кеше Тобыл өзені деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Тобыл және Қостанай қалаларының елді мекендерін су басу қаупі туындады. Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады.

Еске сала кетейік, бүгін Қостанайда төтенше жағдай жарияланды. Қостанайда су басу қаупіне байланысты полицейлер мен құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 215 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу