Төтенше жағдайлар министрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады

393

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі ашық жұмыс форматына көшті.

Министрлікте жүргізіліп жатқан трансформацияның басты бағыттарының бірі – жеке құрамның идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

"Біздің қызметкерлеріміздің 99,9 пайызы өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, өз қызметін адал және абыроймен атқаратын адамдар екенін мақтан тұтамын. Алайда қатарымызда теріс пиғылды қызметкерлер де болуы мүмкін екенін мойындаймын. ТЖМ азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын болады. Сіздерді біздің қатарымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикаға қатысуға шақырамын. Егер сіз Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қандай да бір сыбайлас жемқорлық туралы байқасаңыз, бізге міндетті түрде хабарлаңыз. Біз адамдарға көмекке келеміз. Сондықтан қоғамның бізге деген сенімі басымдыққа ие. Адамдарды құтқарудың игі ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу