Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді

494

Қазіргі уақытта 2 зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті.

Сондай-ақ қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу