Төтенше жағдайлар министрі: Тауда құрылыс салып жатқандар біздің болашақ "клиенттеріміз"

Юрий Ильин Алматы облысындағы көшкін туралы айтты.  

Төтенше жағдайлар министрі: Тауда құрылыс салып жатқандар біздің болашақ "клиенттеріміз" Фото: gov.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы облысындағы жағдайға қатысты пікірімен бөлісті.

"Әрине, тау беткейлерінің шеті қазылған. Тауда құрылыс салатындар ерте ме, кеш пе біздің болашақ "клиенттерімізге" айналады. Өйткені, өкінішке орай, тектоникалық қозғалыстар жалғаса береді. Сейсмикалық аймақтарда, соның ішінде топырақтың әлсіреуі, осыған әкеледі. Яғни, кеше болған жағдай осының көрінісі. Сондықтан салынған құрылыстың, тірек қабырғаның деңгейі төмен, ол 12-15 метр, одан жоғары көшкіннен құтқара алмады", - деді Юрий Ильин.

Бұл жер теліміне құрылысқа рұқсатты кім және қандай негізде бергені әлі анықталып жатыр.

 "Менің ойымша, адамдар саналы түрде – жер сілкінісі немесе қазылған тау беткейінің түбіне құрылыс салудың қажеті жоқ екенін түсінед ", - деп түйіндеді министр.

Еске сала кетсек, 27 ақпан Алматы облысы Бесағаш ауылында топырақ көшкіні жүрді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, алайда топырақтан кей үйлерді басып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу