Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp номерін жариялады

516

Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады.

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp номерін жариялады Фото: ҚР ТЖМ

Нөмер Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды", делінген ТЖМ мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу