Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин отставкаға кете ме?

871

 Бұл сұрақты Үкімет кулуарында журналистер министрдің өзінен сұрады, деп жазады inbusiness.kz. 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин отставкаға кете ме?

"Елдің бірнеше өңірінде өрт болды. Сол мәселені реттей алмады деп сізге сын айтылды. Тіпті Ильин отставкаға кетуі керек деп те жазып жатты. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?", – деп сұрады журналистер министрден.

"Лауазым жайлы шешімді ел басшылығы, Үкімет шешеді. Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп шешсе, менің отставкам туралы шешім қабылданады", – деп мәлім етті министр.

Еске саламыз, Қостанай облысында орман өрті болып, Әулиекөл ауданындағы бірнеше елді мекенге жайылған. Өрт аумағы ондаған мың гектарға жеткен. Шамамен екі мың адам баспанасынан айырылған. Бір адам қаза болып, тағы бір адам із-түзсіз жойылған. Билік ауыл тұрғындарына шығынды өтеп, баспананы қалпына келтіруге көмектесуге уәде берген.

Сонымен бірге басқа бірнеше облыста түрлі деңгейде дала өрті болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу