Төтенше жағдайлар министрінің жалақысы қанша?

1638

Оның айтуынша, 2023 жылға дейін өрт сөндірушілердің жалақысы артады.

Төтенше жағдайлар министрінің жалақысы қанша?

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жалақым шамамен 1 млн теңге. Мұндай жалақыны Үкімет тағайындайды. Алайда бүгінде қарамағымдағы қызметкерлердің жалақысы төмен", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қазақстандық өрт сөндірушілердің жалақысы – 140 мың теңге.

Сондай-ақ Юрий Ильин 2023 жылы ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

"Бірақ соңғы жылдары жүргізілген жұмыстарды ескерсек, 2023 жылы біздің қызметкерлердің жалақысы тек Төтенше жағдайлар министрлігі ғана емес, барлығы құқық қорғау қызметі: Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігіндегі мамандардың жалақысы Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысының 80%-на теңестіріледі. Яғни барлық күш құрылымдарында жалақы қызметкерлердің атқаратын жұмысына сәйкес теңестіріледі", – деді басшы.

Сондай-ақ ол Төтенше жағдайлар министрі тәулік бойы жұмыс істейтінін, оның жауапкершілігі қатардағы өрт сөндірушіден кем емес екенін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу