Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы жер сілкінісіне қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті

190

Өңірдегі жағдай тұрақты. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы жер сілкінісіне қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті Фото: canva.com

Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

"Сондай-ақ, Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

Қала тұрғындарынан "112" желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті.

Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды 8 (7277) 22-60-97

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу