Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады

309

Ауа температурасы күрт төмендейді, 30-38 аяз, желдің күшеюі, көктайғақ күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады Фото: ТЖМ

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2024 жылғы 15-16 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде боран, ауа температурасы күрт төмендейді, 30-38 аяз, желдің күшеюі, көктайғақ күтілуде. ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.

Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу