Төтенше жағдайлар министрлігі пәтерлерге терезе құлпын орнатуды бастады

277

ТЖМ құтқарушылары көпқабатты үйлердегі пәтерлерде қорғаныш терезе блокираторларын орнату бойынша республикалық акцияны бастады.  

Төтенше жағдайлар министрлігі пәтерлерге терезе құлпын орнатуды бастады Фото: t.me/qr_tjm

Балалардың жоғары қабаттағы терезеден құлау оқиғалары жиіліген соң құтқарушылар пәтерлерге терезе құлпын өздері кеп орната бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған шара аясында кішкентай балалары бар отбасылардың пәтерлеріне терезеге арналған қорғаныс құлыптары тегін орнатылады. Ең алдымен көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар жанұяларға көрсетіледі.

"Бұл бастама аясында ерекше назарды қажет ететін отбасылардың үйлерінде қазіргі уақытта 2500-ден астам қорғаныш құрылғысы орнатылды", – делінген хабарламада.

Өкінішке қарай, елімізде балалардың терезеден құлап кету жағдайлары жиілеп кетті. 2025 жылдың басынан бері 40-тан астам оқиға тіркелген. Оның басым бөлігі – жоғарғы қабаттағы ашық терезелер мен қорғаныс құралдарының болмауының салдарынан болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу